Батыс Қазақстанда тағы бір орман отқа оранды

Белгілі болғандай, табиғи өрт салдарынан аумағы 20 шаршы метр саяжай үйін жалын шарпыды. Тілсіз жау 18 тамызда жергілікті сағат 21:26-да ТЖ департаменті (51 қызметкер, 8 техника), орман шаруашылығы мекемесі (15 адам, 2 техника) және «Жайық таза қала» ЖШС (2 адам, 2 техника) күшімен ауыздықталды.

Айта кетейік, осындай төтенше жағдай Бәйтерек ауданы Трекин мен Володар ауылдары арасында 16 тамыз күні сағат 12:55-те болған еді. Қуанышқа орай орман өрті кезінде 10 адам құтқарылды. Өрт кейін Теректі ауданы Ақсуат ауылына ауысты. Барлығы 131,1 гектар жер өртенсе, соның 119,7 гектары – орман. Бұл өрт 17 тамызда сағат 06:20-да ауыздықталып, 18 тамызда сағат 17:29-да толық сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖ департаменті (74 адам, 12 техника), орман шаруашылығы мекемесі (24 адам, 2 техника), ерікті құрылымдары (14 адам, 3 техника) жұмылдырылды.