Елдос Сметовке жаңа көліктің кілті табысталды

Кездесуде өңір басшысы спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, ол тек Жамбыл облысының ғана емес, еліміздің намысын абыройлы қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өтті.

Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзіңнің мықты спортшы екеніңді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйерлердің үмітін ақтадың, деді облыс әкімі.

Сонымен бірге әкім Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілтін табыстап, алдағы уақытта да ел спортың дамыту жолындағы елеулі еңбегіне сәттілік тіледі. Ал жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Өз кезегінде дзюдошы да құрмет білдірген облыс басшылығына алғысын жеткізді.