Коронавирус бойынша «қызыл» аймақтағы өңірлерде демалыс күні локдаун сақталады

Халықтың шектеу талаптарының орындалуын бақылауды жалғастыру керек. Бұл үшін өңірлерде мониторинг топтарының саны көбейтілді, олардың қызметінің тиімділігін күшейту қажет. Барлық өңір мен мемлекеттік органдар вакцина салдырудың қажеттігі туралы ақпараттық жұмысты кеңейтілсін, — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы сонымен бірге «қызыл» аймақтағы өңірлерде демалыс күнгі локдаундарды сақтау қажеттігін баса айтты.

Бүгінде тіркелген Ashyq пайдаланушылар саны – 4 миллионнан астам. Қазірдің өзінде жобаға 111 мың бизнес субъектісі қатысады. Бизнеспен жұмысты жалғастырып, жобаға қатысушылар санын ұлғайту керек, — деген премьер-министр.

Асқар Мамин бұл мәселені бақылауда ұстауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.