Елдің бас темекі қарсыласымен ғылыми, медициналық және бизнес қоғамдастықтың басқа да көптеген өкілі келіспейді. Сарапшылар қоғамдастығы Қазақстанға ұлттық мүдделерді басымдыққа қойып, қолжетімді және ғылыми негізделген тәсілмен темекі шегуден болатын зиянды азайту қажет деп есептейді. Олар Үкіметке ресми хат жолдап, ғылыми зерттеулерді ескеруді және тұтынушыларға вейп, электрон сигарет және темекі қыздыру жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық регламентті қабылдауды талап етті.

Қоғам белсенділері темекі шегу арқылы никотинді тұтыну өкпе қатерлі ісігінің, созылмалы обструктив өкпе ауруы мен эмфиземаның негізгі қауіптерінің бірі екенін айтады. Бірақ бұл ретте әрбір темекі шегуші жаман әдеттен бас тарта алмайды. Бұл жағдайда балама құралдар көмекке келеді. Олар ғылыми дәлелденгендей, жану процесінің болмауына байланысты темекіге қарағанда зияны азырақ. Өйткені никотин тәуелділікті тудырады. Бірақ бұл темекі шегумен байланысты аурулардың негізгі себебі емес. Негізгі зиян тигізетіндер — шайырлар, тұншықтырғыш газ және темекі шегуші темекі түтінімен бірге жұтатын 6000-ға жуық химиялық элементтер.

Біздің ойымызша, құрамында никотині бар өнімдер темекі шегуден болатын зиянды азайтудың ғылыми негізделген әлеуетіне ие. Алайда зиянды азайту мүмкіндігі темекіге қарағанда анағұрлым қатаң техникалық талаптарды қабылдау арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін,- деп вице-премьер Склярдің атына жазылған хатта айтылған.

Оған «Денсаулық» адам денсаулығы үшін қауіп факторларының зиянын азайту жөніндегі Ұлттық Қауымдастығының төрайымы Бақыт Түменова, Primary Health Care Ұлттық Қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков және жұмыс тобының басқа да мүшелері қол қойған. 

Техрегламенттің жобасы никотині бар өнімдерге қатаң талаптарды қарастырады — олар ДДҰ тізімі бойынша 9 басым зиян заттардың құрамы бойынша ұсынылады (көміртегі моно тотығы, азот тотықтары, формальдегид, ацетальдегид және т.б.). Салыстыру үшін темекіге мұндай талаптар тек үш зиянды затқа — шайырға, никотинге және көміртегі моно тотығы қолданылады.

Ғылыми зерттеулер никотині бар баламалардың аэрозольінде ДДҰ тізіміндегі зиян заттардың көлемі темекі түтінінен әлдеқайда аз екенін айтады. Мұны FDA Америкалық азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау жөніндегі басқармасы және Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі растайды. Шын мәнінде, барлық өндіруші зиян заттардың аз мөлшерінің пайда болуын қамтамасыз ете бермейді. Өйткені бұл қымбат ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдерді қажет етеді. Сондықтан техникалық регламенттің міндеті – өнімнің құрамын бақылау және тұтынушының денсаулығын сақтау.

Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, әлемде темекі шегумен ондаған жылдан астам уақыт бойы белсенді күрес жүріп жатыр. Алайда ДДҰ-ның тыйым салу саясаты темекі шегетін халық санын айтарлықтай қысқарта алмады. Сондықтан Қазақстан өз позициясын дамытуы керек және темекі шегумен күресуден басқа, зияны аз баламаларды қолдауы қажет.

Біз темекіге қарсы қозғалыстың жақтаушылары баяндаған ұстанымды теріс деп есептейміз. Өйткені ол зиянды азайту принципін елемейді және темекі шегу эпидемиясымен күресте тиімді құрал бола алатын өніммен күресуге бағытталған, — деп вице-премьер Склярға жолдаған хатында жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларының зиянын азайту жөніндегі Жұмыс тобының мүшелері қорытындылады.

ҚР Үкіметі мен Парламентіне ел нарығындағы құрамында никотині бар жаңа құрылғылардың болуын бақылау қажет деп санайтын басқа да беделді ұйымдар мен қауымдастықтар, солардың қатарында Қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ұлттық лигасы, QazSpirits алкоголь және никотині бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығы және Қазақстанның Ұлттық индустриялық палатасы жүгінді.