11 тамыздағы мәлімет бойынша 112 843 адам коронавирус инфекциясынан (108 824 КВИ+ және 4 019 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде:
- 30 181 пациент стационарда,
- 82 662 науқас амбулаториялық деңгейінде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 808 адамның жағдайы ауыр,
- 451 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 215 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте, 11 тамыздың қорытындысы бойынша 7 747 адамнан коронавирус анықталды.
