Елімізде «қоңыр-қызыл» аймақтағы бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзарды

Қазақстан бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейінгі №33 «Кәсіпкерлік нысандарға Ashyq жобасын қосу туралы» қаулысы бойынша, Ashyq «көшбасшысы» мәртебесі бар нысандарға 9 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақта сағат 00.00-ге дейін, басқа нысандарда (Ashyq қатысушылары үшін) — сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Бұған дейін №33 қаулыдағы 4-қосымша бойынша, өңірлердегі Ashyq-қа қосылған нысандар «қоңыр-қызыл» аймақта жұмыс күндері тек 20.00-ге дейін жұмыс істеді. Мұндай өңірлерге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды кірген еді. Бұл өңірдің санитария дәрігерлері жобаға қатысушыларға қатысты карантин шараларын күшейте алмайды.

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті №33 қаулының 8-тармағы 3-тармақшасын басшылыққа алатынын растады. Ол бойынша 9 тамыздан бастап барлық нысанның Ashyq-тағы жұмысы ұзарады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да