Каратэші Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді

Olympic.kz хабарлауынша, 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді. Рютаро Арага (Жапония) арасындағы кездесу 4-2 есебімен қарсылас еншісіне шешілді.

Айта кетейік, Данияр Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсіп жатыр.