Токио-2020: Софья Берульцева мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты.

Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзірбайжандық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды.

Бұл кем дегенде қола жүлде қоржында екенін білдіреді.

Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Софья Берульцева каратэнің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынап жатыр. Топтық кезеңде оның қарсыластары — Мельтем Ходжаоглу (Түркия), Сильвия Семераро (Италия), Ирина Зарецкая (Әзірбайжан) және Аюми Уэкуса (Япония).

Топтық кезеңде үздік атанған екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.