Басты бетЖаңалықтарЖүрекке пайдалы...

Жүрекке пайдалы бес ем

1. Су

Жүректің ишемиялық дертінің асқынбауы және басқа да жүрек қан-тамырлары дертінің пайда болуын алдын алатын бірден бір ем.

2. Көк шай

Кез келген шай антиоксиданттарға бай. Ол асқынулардың алдын алып, адам ағзасын онкологиялық және жүрек қан тамырлары ауруларынан қорғайды. Антиоксиданттар әсіресе көк шайда көп және оның тиімділігі басым.  Бұл көп жылғы зерттеулер барысында анықталған.

3. Қызыл шарап

Қызыл шарап көптеген кардиопротекторлық қосындыларға ие. Әсіресе ресвератрол, полифенол қандағы холестеринді реттеп, қанның ұюын болдырмайды екен. Оны аз мөлшерде тұрақты пайдалану қан тамырларын қорғап, жүректің қалыпты жұмысын реттейді.

4. Анар шырыны

Анар шырынының пайдалы жақтарын ғалымдар көп айтып келді. Ал, жақында калифорниялық оқымыстылар жемістің антиоксиданттық деңгейінің жоғарылығын дәлелдеді. Ол қызыл шарапта, көк шайда болатын пайдалы дәрумендерден үш есе көп.  Сонымен қатар анар шырыны жүйкені тыныштандырып, күретамырдың қысымын азайтып, жалпы қан айналымын жақсартады.

5. Кофе

Кофені өз мөлшерінде ішу  өте пайдалы. Зерттеулер көрсеткендей, ол инфаркт пен инсультті 20%-40% азайтады.

ДереккөзАйқын