Басты бетҚоғамПрезидент тапсырмасымен...

Президент тапсырмасымен қызметінен босатылған Тараздың экс-әкімі тағы да жаңа лауазымға тағайындалды

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тараздағы мектепте болған оқыс оқиғаға байланысты және өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін сол кездегі Тараз әкімі Қайрат Досаев атқарып отырған лауазымынан 2019 жылдың 21 қарашасынан бастап босатылды.

Қайрат Досаев 1965 жылы туған, білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылық институтын «инженер-механик», Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Қайрат Досаев еңбек жолын 1987 жылы ғылыми-өндірістік бірлестіктің инженері болып бастаған. Әр жылдары «Алтын диірмен» АҚ инженері, Алматы төтенше жағдайлар басқармасының төтенше жағдайлар бөлімі басшысының орынбасары, сектор меңгершісі, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәселестікті қорғау басқармасының басшысы, Алматы облысының тарифтер жөніндегі басқармасының басшысы, ҚР төтенше жағдайлар министрінің көмекшісі, «Мекен» ЖШС директоры, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамының Алматы филиалының директоры, вице – президенті, департамент директоры, «Казспортинвест» АҚ вице-президенті лауазымдарында еңбек етті.

Сонымен бірге Қайрат Досаев 2014-2017 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі, 2017-2019 жылдары Шу ауданының әкімі, 2019 жылы Тараз әкімі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы ретінде жұмыс жасап келді.