Президент премьер-министр мен «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады

Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экология жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Ұсынылған жобалар Қазақстанның батыс өңірін сумен, аймақтарды газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматыдағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берді.