Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 31 шілдесіндегі COVID-19 инфекциясымен ауырып жатқандарға қатысты деректерді жариялады.
Қазіргі уақытта 95 998 адам коронавирус инфекциясынан (93 366 КВИ+ және 2 632 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде
- 27 004 пациент стационарда,
- 68 994 науқас амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 677 адамның жағдайы ауыр,
- 349 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 334 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
⠀
«Сары» аймақта Түркістан облысы ғана бар.

