Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирусты қанша адам жұқтырды?

Ең көп дерек Нұр-Сұлтанда анықталды. Мұнда кейінгі тәулікте 1 518 адам, ал Алматыда 1 511 адам коронавирус жұқтырған. Шымкентте 477 науқас тіркелді.

Өңірлер бойынша бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 1 518;
Алматыда — 1 511;
Шымкентте – 477;
Ақмола облысында – 253;
Ақтөбе облысында — 332;
Алматы облысында — 300;
Атырау облысында — 417;
Шығыс Қазақстан облысында — 216;
Жамбыл облысында — 247;
Батыс Қазақстан облысында — 159;
Қарағанды облысында — 964;
Қостанай облысында — 245;
Қызылорда облысында — 257;
Маңғыстау облысында — 236;
Павлодар облысында — 280;
Солтүстік Қазақстан облысында — 155;
Түркістан облысында — 124.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 572 576-ға жетті. Оның 473 344-і аурудан айықты.