Қазақстанда 1 қарашадан бастап таңбаланбаған аяқ киім өндірісіне тыйым салынады

Бұл туралы Индустрия және инфақұрылым агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы уақыттан бастап таңбаланбаған аяқ киімнің өндірісіне және оның Қазақстан аумағына әкелінуіне тыйым салынады. Ал бөлшек сауда бизнесінде таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін 2022 жылдың 1 қарашасына дейін қосымша мерзім бар, — делінген хабарламада.

Жаңа ережелер бойынша жұмыс істеу үшін өндірушілер мен импорттаушылар таңбалау жүйесінде (markirovka.kz) тіркелу керек. Таңбалау кодтарын шығару үшін жүйеге өндірілетін және импортталатын өнім туралы ақпаратты енгізу қажет. Осындай бір кодтың құны 2,68 теңгені құрайды.

Айта кетсек, қазіргі уақытта аяқ киім тауарларының айналымы 96% — импорт, 4% — ішкі өндіріс болып сипатталады. Аяқ киім ішкі нарығының дамуын көлеңкелі айналым айтарлықтай шектейді.