Токио-2020: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

60 келі салмақта сынға түсетін Сметов ширек финалда Оңтүстік Корея намысын қорғаған Ким Вон Джунмен кездескен болатын. Белдесу барысында Елдос алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын еншілеп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады, — делінген хабарламада.

Енді Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалында белдеседі. Оның қарсыласы — жапондық Наохиса Такато.

Елдос Сметов, Дзюдо, Токио
Фото: Жеңіс Ысқабай