Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыс екі есе көбейді

Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Адам саудасына қатысты қылмыстың 75%-і жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыруға немесе күшпен ұстауға тиесілі.

8 жағдай кәмелетке толмағандарды сатуға, 7 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту, 6 жағдай адам саудасына және жезөкшелікке тартуға, 1 жағдай пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға алып келді, – деп хабарлады сарапшылар.

Адам саудасына байланысты қылмыстар үшін жауапқа тартылғандардың көпшілігі — Қазақстан азаматтары, сонымен бірге орта немесе орта кәсіптік білімі бар жұмыссыздар.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан адам саудасы туралы жаһандық есеп беруде «бақылау тізімінен» екінші санаттағы елдерге (2-деңгей) көшті, бұл елдің адам құқықтары жағдайының жақсарғанын көрсетеді.