Вице-министр: Қыркүйек айында тұрғын үй бағасы төмендеуі мүмкін

Біз үнемі баға болжамы бойынша мониторниг жүргізіп отырамыз. Биыл қаңтар айында жаңа тұрғын үйдің бағасы 3,8% өссе, қолданыстағы үйдің бағасы 7,2% артқан. Ал маусым айында жаңа үйдің бағасы 0,9%-ті көрсетсе, қолданыстағы баспана бағасы 1,2% құрап отыр. Айтар болсақ, Петропавл қаласында қаңтар-ақпан айларында қолданыстағы тұрғын үйдің бағасы 5,6 кейде 4,6%-ке дейін өскені байқалды. Сәуір айында төмендеу байқалды, яғни 2,4% төмендеді, қазір де осы баға сақталып тұр деуге болады, — деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, елімізде жаз айларында тұрғын үй бағасының тұрақтануы бұған дейін де болжанды.

Біздің болжам бойынша тұрғын үй бағасы маусым-шілде айларында тұрақтанды, бұған дейін болған баға өсімі зейнетақы жинағын баспана алуға рұқсат етілуімен байланысты. Бүгінде ол мәселе де бір ретке келді. Менің жеке болжамым бойынша алдағы қыркүйек айында тұрғын үй бағасының төмендеуі күтіледі, — дейді ол.

Бұған дейін министрдің бірінші орынбасары елімізде тұрғын үй бағасы өсуінің себебін түсіндірген еді.