Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Атап айтқанда, Токиода, Канагавада, Сайтамада және Тибеде көрермендердің қатысуына рұқсат жоқ. Билік сонымен бірге жанкүйерлерді Токиодағы Паралимпиада ойындарына жіберу туралы шешімді қазіргі жағдайды бақылау үшін кейінге қалдырғанын мәлімдеді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілдеде «Токио Олимпиада» стадионында өтеді.
Токио Олимпиадасында барлығы 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстандық спортшылар Жапония астанасы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына спорттың 27 түрінен 96 жолдама жеңіп алды.
Еске салайық, 2 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелерімен кездесті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға — жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табысталды.
Бірінші орын алған спортшы үшін 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орын 75 мың доллар беріледі.
