Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

25 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Ақтау және Ереван арасында CRJ-200 типті әуе кемесінде эпидемиология жағдайының жақсаруына қарай кезең-кезеңімен ұлғайта отырып, аптасына 1 рейс жиілігімен тұрақты рейстерді орындауды жүзеге асырады, — делінген хабарламада.

Рейстерді қайта бастау Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне сәйкес қабылданды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.