Синоптиктердің хабарлауынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен елдің біршама аудандарында қысқа мерзімді найзағай сақталады.
Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республиканың шығыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз солтүстікте 20-32 жылыға дейін, орталықта 20-37 жылыға дейін, ал шығыста 15-28 жылыға дейін, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, мұның алдында 24-26 маусым күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауатынын хабарлаған едік.

