Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар күрт көбейді

Иллюстрация: Dribbble.com/©Nick Matej

Департамент мутацияны анықтау үшін COVID-19 инфекциясына күнделікті мониторинг жүргізеді.

Бүгінде ауру жұқтырушылардың күрт өсуі (1-ден 10-ға дейін) тіркелді, жалпы алғанда «дельта» (үнді) штамының оң сынамалардың үлес салмағы 23% өсті. Егер Алматыда «дельта» (үнді) штамы бұрын бір сынамада анықталса, қазіргі динамикада 3 тәулік мерзімінен кейін 10 сынамаға дейін ұлғайған, — делінген хабарламада.

Алматының санитариялық-эпидемиологиялық-эпидемиологиялық басқармасы осыған байланысты қала тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе алу керек екенін және «дельта» коронавирус штамының халық арасында таралуы ауруханаға жатқызу мен өлімнің көбеюіне әкелетінін тағы ескертті.

Сол себепті маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, халық көп жиналатын орындар мен  іс-шараларға барудан қатаң сақтану керек, — деп хабарлады ведомстводағылар.