Гарвард түлегі білім және ғылым вице-министрі болды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматыдағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.

2009-2014 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымды атқарды.

2014-2019 жылдары Назарбаев университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері қызметін атқарды.

Ал 2019 жылдың тамыз айында Сүлеймен Демирел атындағы университет ректоры лауазымына тағайындалды.