Алматыны негізгі азық-түлікпен қамтып отырған «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты нанның бағасын 6 теңгеге өсіруді жоспарлап отыр.
Статистикаға сүйенсек 2010 жылы нанның бағасы 55 теңге болған. Ол кезде ұнның келісі 40 теңгені құраған. Ал қазір негізгі шикізаттың құны екі есе жоғарылап, 92 теңгеге бірақ жеткен. Компания басшылығы бағаны көтеруден басқа амалымыз жоқ дейді.
Раиса Цыганок, «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-нің бас директор орынбасары:
— 2014 жылдың ақпан айынан бастап, әкімшілік дотацияланған ұн беретін бізге. Сондай ақ 1 сұрыпты ұн сатып алып, екеуін араластырып нан пісіретін едік. Ал қазір әкімшіліктен де көмек жоқ, ұнның бағасы да шарықтап кеткен. Енді нанды қымбаттату жөнінде депутаттарға ұсыныс жолдадық. Жауаптарын күтіп отырмыз.