Жүгіруді қалай бастаған жөн? Алматыда қай жерде жүгіруге болады? Осы сұрақтар көп адамды мазалауы мүмкін. Baribar.kz бір жылдан бері жүгірумен әуесқой түрде айналысатын Ербол Молдажанмен бұл спорт түрі туралы тілдесіп, Алматыда жүгіруге ыңғайлы локацияларды шарлап қайтты.

Бүгінде жүгіру Ерболдың сүйікті әрі күнделікті ісіне айналған. Ол аптасына 6 рет жүгіреді. Әр бейсенбі сайын демалады. Респондентімізбен кездесу күні сәрсенбіге түсті. Спортшы ол күні таңертең 7.00-де «Динамо» спорт алаңында жүгіретінін айтып, бізді сол жерге шақырды.

Әуесқой спортшы жүгірмес бұрын жаттығу жасап, денені қыздырып алған жөн екенін айтады. Себебі жаттығу кезінде буындарда сұйық бөлінеді. Ал ол сұйық сүйектің бір-біріне тиіп, қажалуынан сақтайды.

Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әйгілі марафоншы Марат Жыланбаев Алматыға келіп, арнайы курсын өткен еді. Соған қатысып, жалпы жүгірудің әліппесін үйрендім. Ол кісі Николой Амосовтың техникасы бойынша 10 жаттығуды үйретті. Хирург Амосов отадан кейін дәрігердің айтқанын тыңдамай, орнынан қозғалып, ары-бері жүрген адам бір орыннан тапжылмай жатқандарға қарағанда тез айығып кететінін байқаған. Сол кезде дәрігер жаттығудың пайдасын түсініп, бірнеше түрін жасаған екен. Марат Жыланбаев Амосовтың 10 жаттығуын күніне 500, 1000, 5000 реттен жасап тұрған. Соның арқасында ол кісі күніне 85 километр жүгірген екен, — дейді Ербол Молдажан.

Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жаттығудың үшеуі қолға, үшеуі белге, үшеуі тізеге және біреуі аяққа арналған. Жаттығудан кейін Ербол күнделікті әдеті бойынша 8 километрді бағындыруға кетті.

Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ербол Молдажан, жүгіру
Фото; Бақдәулет Әбдуалы

Жүгіріп болған соң спортшы дене бұлшықетін созуға кірісті. Оның айтуынша, бұл процесс келесі жолы жүгіргенде дене мен бұлшықеттің ауырмауына көмектеседі.

Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қай жерде жүгірген ыңғайлы?

Ербол Молдажан жүгіруге арналған локацияны жиі ауыстырғанды жөн санайды. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, адам күнделікті бір орында жүгіре берсе, жалыға бастайды. Екіншіден, спортшы жаңа мекеннен жаңа ой мен күш-жігерге ие болады. Үшіншіден, әр локацияның өз артықшылығы бар.

«Динамо» спорт алаңы

Жүгіруге ең ыңғайлы орын — спорт алаңдары. Алматыда мұндай орын көп. Солардың бірі — «Динамо» спорт алаңы.

«Динамо», «Балуан шолақ» спорт алаңдарында жүгіру кезінде жылдамдықты арттыру оңай. Жаттықтырушы сағаты жоқ адамға «100 метрге жылдамдығыңды арттыр» десе, ол өлшемей-ақ қашықтықты біле алады. Мәселен, «Динамо» алаңының әр жағы 100 метрден жалпы 400 метр. Түзу бағытында 100 метрге тез жүгіріп, ал қисық бағытында қалыпты жылдамдықпен жүгіруге болады, — дейді Ербол.

Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сонымен бірге стадиондарда тартан жабыны бар. Оның үстінде жүгірген адамның тізесіне ауыр салмақ түспейді.

Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Динамо» алаңына кіру бағасы — 500 теңге. Есесіне мұндай алаңдардың тағы бір ерекшелегі – жуынатын бөлмелерінің болуы. Спорттан кейін жуынып, бірден жұмысқа жол тартуға болады.

Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ботаника бағы

Ерболдың сөзінше, ботаника бағы көз жауын алатын сұлулығымен ерекше. Қызыл-жасыл гүл мен жап-жасыл шөптің иісі, хауыздағы құстар мен балықтар эстетика ләззаты мен энергия сыйлайды.

ботаника бағы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ботаника бағы, орындық
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Таңғы бесте тұра алмай, күн төбеге көтерілгенде жүгіруге бел бусаңыз, осы саябаққа келген жөн. Себебі ботаника саябағында үнемі салқын болып тұрады, — дейді әуесқой спортшы.

Ботаника бағы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Тұңғыш Президент саябағы

Ербол спортты енді қолға алғандарға Президент саябағында жүгіру қиынға соғатынын айтады. Өйткені онда жер тегіс емес, өрге қарай жүгіру қиын. Бірақ біраз уақыт спортпен айналысып, шыңдалған адам міндетті түрде осы саябаққа барып жүгіргені дұрыс. Себебі төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге жүгіру шыдамды арттырады.

Президент саябағы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ербол Молдажан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Тіпті отбасыңызбен бірге келіңіз. Жарыңыз бен бала-шағаңыз саябақ ішінде серуендеп, пикник жасаған уақытта олардан алысқа кетпей-ақ емін-еркін спортпен айналысасыз, — дейді ол.

Президент саябағы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ербол Молдажан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Медеуге апарар жол. Керей-Жәнібек хан көшесі бойы

Достық даңғылы аяқталған тұстан бастап, «Медеу» мұз айдынына дейін апаратын Керей-Жәнібек хан көше бойымен жүгіруге болады.

Ербол Молдажан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ербол Молдажан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Медеу

Медеу мен Шымбұлақ теңіз деңгейін жоғары орналасқан. Ал биік жерде оттегі аз. Оттегі аз жерде шыныққан адамда теңіз деңгейінен төмен жерге келгенде қосымша күш пайда болады.

Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ербол Молдажан, жүгіру
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Тауды ерекше жақсы көремін. Көбі мені «тау баласы» деп атайды. Осындай жерде жүгіргенде құдды бір әкем тау шыңынан маған қарап отырғандай сезімде боламын. Сол ойға сеніп, ерекше күш жинаймын, — дейді Ербол.

Медеу
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сонымен бірге адам тауға шыққанда, жоғары көтерілгенде күнделікті қолданылмайтын бұлшықет іске қосылады.

Бұрын тауға шыққан күннің ертесі аяғым ауырып, өкінетінмін. Қазір керісінше, қуанамын. Бұлшықетімнің ауырғаны денемнің кей бөлігінің әлсіз екенінің белгісі. Бұл — әлі де шынығуым керек деген сөз, — дейді спортшы.

Медеу
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Тереңқұр өзені бойы

Ербол үшін жүгіруге арналған №1 локация — Тереңқұр өзенінің бойы. Себебі бұл жерге қай уақытта келсең де, салқын әрі әдемі. Құлаққап тағып, музыка немесе подкаст тыңдап өз әлеміңде жүргендей боласың.

Ербол Молдажан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Тереңқұр
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Тереңқұр
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Тереңқұр
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Тереңқұр өзені бойында жөндеу жүргізілген. Жақын маңнан тамақтануға, демалуға арналған орындар, жаттығу мен ойын алаңдарын, дәретхана табуға болады.

Тереңқұр
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Тереңқұр
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Тереңқұр
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматы арена маңы

Ерболдың айтуынша, пандемия салдарынан көптеген спорт марафоны, жарысы өтпей қалды. Ал кәсіби және әуесқой спортшылар өз рекордын, нәтижесін сақтап қалу үшін жүгіріп, өз-өзін тексеріп тұруы қажет. Мұндай кезде олар көбіне Алматы арена маңына барып жүгіреді. Себебі ондағы жер тегіс.

Алматы арена
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мәселен, оразада ауыз бекіткен спортшылар жаттығуды, жүгіруді азайтады. Ал сол уақытқа дейінгі жинаған формасын бір тіркеп (фиксировать) алғаны жөн. Осындай кезде олар Алматы арена маңына барып жүгіреді, — дейді Ербол.

Алматы арена
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Есентай жағалауы

Есентай өзенінің бойы — жүгіруге ыңғайлы жер. Көпірден әдемі көріністі тамашалауға болады. Сонымен бірге жүгіруден кейін жаттығуға арналған орындарда шынығып қайтасыз.

Есентай, Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Есентай, Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Есентай, Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ербол Молдажан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сайран көлі

Сайран
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Сайран
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыда және Алматы облысында жүгірумен айналысу тиімді. Себебі басқа қалаға қарағанда мұнда қар тез ериді әрі кеш түседі. Яғни салыстырмалы түрде басқаларға қарағанда жүгіретін маусым ұзағырақ, — дейді әуесқой спортшы.

Ерболдың айтуынша, адам баласы жүру мен жүгіру үшін жаралған. Сол себепті одан ләззат ала білу керек.

Қазір Алау жүгіру клубының мүшесімін. Тренерім — Алексей Гусаров. Жалпы спортшылардың ортасы кез келген адамға пайдалы деп білемін. Олар уақытына, ұйқысына, тамағына, көңіл-күйіне, отбасына әрдайым көңіл бөледі. Дамуға әрдайым құмар, үнемі өсіп-өркендегісі келеді. Көшедегі жатқан қоқысты алып, жәшікке лақтырады. Мұндай ортада жүрген адам дені де, жаны да сау қоғам мүшесіне айналады. Сол себепті жүгіруге ниетіңіз болса, киім, аяқкиім сияқты заттарды алу керек екенін ойлап, кейінге қалдырмаған дұрыс. Бірден бастап кетіңіз. Ал қалғаны кейін өзі реттеледі, — дейді Ербол Молдажан.

Тағы оқыңыз: Жүгіру: қалай бастау керек, қалай киінген дұрыс және тағы басқа