Президент Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитіне қатысады

«Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу» атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді. Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі осы бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ, — деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстан бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйек айында елордада өтті.
Бүгінгі шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған. Саммиттің тікелей көрсетілімін мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/user/OICofficial