Спортшы Мөлдір Жаңбырбай Токиодағы олимпиадаға жолдама алды

Спортшы Парижде өткен әлемдік іріктеу турнирінде квотаны жеңіп алды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі іріктеу жарысы аясында Мөлдір күміс медаль ұтып алды. Бұл жеңіс оған Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия алуға  мүмкіндік берді.

Еске салайық, бұған дейін олимпиада ойындарына жолдаманы мерзімінен  бұрын каратэден Қазақстан құрамасының мүшесі, спортшы Дархан Асаділов жеңіп алған еді.