Жаңбыр, жел, бұршақ: 10-12 маусымға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМҚ мамандары оңтүстік циклон Қазақстан аумағынан әлі шықпағанын болжады.  Сондықтан алдағы үш тәулікте республика аумағында жаңбыр жауады, жел екпіні күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен бірге оңтүстікте құмды дауыл соғады деп күтіледі.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде ауа температурасына скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Соған байланысты ауа температурасы түнде 2-10 градустан, күндіз 15-20 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде 7-18 градусқа дейін, күндіз 22-35 градусқа дейін төмендейді. Елдің батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23, күндіз 25-37 градус жылы болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 8-10 маусым күндері елімізде кезекті антициклон әсерінен күн суитынын хабарлаған едік.