8-10 маусым күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі фронтальды бөліктердің ықпалында болады, жаңбыр жауады.

10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Кезекті солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендеуіне алып келеді, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің хабарына қарағанда, елдің қалған аумағында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.