Қазақстанда мамырда баспана бағасы қалай өзгерді?

2021 жылғы мамыр айында оның алдыңғы сәуір айына қарағанда елімізде қымбаттады:

— абаттандырылған жаңа тұрғын үйлердің бағасы – 2,6%;
— абаттандырылған екінші нарықтағы үйлер – 0,9%;
— абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – 0,7%.

2021 жылдың мамыр айында 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда:

— абаттандырылған жаңа тұрғын үйлердің бағасы – 8,3%;
— абаттандырылған екінші нарықтағы үйлер – 13,3%;
— абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – 7,0% өсті.

Өткен айда 1 шаршы метрі үшін баға:

— жаңа үйлерде – 335 539 теңгені;
— екінші нарықтағы үйлерде – 264 129 теңгені;
— жалға алу төлемі – 1758 теңгені құрады.