Басты бетInstagramAshyq сервисін...

Ashyq сервисін енді Halyk Homebank қосымшасында қолдануға болады

Ashyq сервисі енді Halyk Homebank қосымшасында бар. Бұл — біздің танымал қосымшамызды қолданатын 6,5 миллионнан астам ел азаматы денсаулығына қауіп төндірмей қоғамдық орындарға бару мүмкіндігін алды деген сөз. Жоба ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске қосылды. Мемлекеттік органдармен осындай бірлесе атқарған жұмыс және Halyk Bank-те іске қосылатын технологиялардың арқасында клиенттеріміздің мүмкіндігі үнемі артып отырады. Halyk Homebank қосымшасын және оған біріктірілген Ashyq сервисін пайдалана отырып, қазақстандықтар сүйікті орындарына кедергісіз бара алады, — дейді Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Инновациялар және аэроғарыш қызметі цифрландыру министрі Бағдат Мусин Halyk Bank-тің министрліктің бизнесті қолдау туралы ұсынысын қабылдағаны жоғары әлеуметтік жауапкершілігін білдіретінін айтты.

Біздің пандемия кезінде бизнеске көбірек мүмкіндік беру және халық арасында вирус жұқтыру қаупі төмендеуіне ықпал етуге деген ниетімізді Halyk Bank басшылығы қолдады. Енді Ashyq сервисін Halyk Homebank қосымшасында қолдануға болады. Банктің бизнесті қолдау туралы біздің ұсынысымызды қабылдағаны жоғары әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді. Ірі коммерциялық құрылымдармен ынтымақтастық мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын жаңа деңгейге шығарады, — деді Бағдат Мусин.

Ashyq сервисін қосымшада қосу немесе өшіру банк клиенті еркінде. Клиент сервисті қолданамын десе, қажет мекемеге барған кезде Halyk Homebank қосымшасын ашып, функционалды қосады. Сосын мекеменің кіреберісінде орналасқан Ashyq бағдарламасының QR-кодын сканерлеу қажет. Нысанға кіруге рұқсат беретін мәртебе көрсетілгеннен кейін оны мекеме қызметкеріне көрсету керек.

Бұдан бөлек Halyk Homebank қосымшасы арқылы QR сәйкестендіруді қажет етпей-ақ кез келген уақытта клиент өз мәртебесін тексере алады. Ол үшін қосымшаға кіріп, басты беттегі Ashyq бөлімін таңдау қажет. Қоғамдық орындарға кіруге рұқсат беретін немесе шектейтін мәртебе смартфон экранында көрсетіледі.

Қазіргі уақытта қосымшада берілген мәртебенің 4 деңгейі бар:

  • Қауіпсіз — ешқандай шектеу жоқ, ПТР тесті теріс
  • Бейтарап — шектеулер тек ПТР тестін қажет ететін жерлерде ғана
  • Байланыс — объектілерге баруды ішінара шектеу
  • Вирус жұқтырған — қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілмейді. ПТР тесті нәтижесі оң.

Сервисті пайдалану үшін Halyk Homebank қосымшасын жаңартыңыз.