Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі, «Білім — Инновация» қоғамдық қорының қызметкері Нұрбол Төлебаев Facebook-парақшасында жазды.

Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 балл алды. Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Данияр Арманұлы Уәлиев — Павлодардағы ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің биылғы түлегі. Алтын белгі үміткері. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше мәрте ҚР чемпионы. Жалпыресейлік жарыстардың жүлдегері. Nur Sultan Оpen халықаралық жарысының чемпионы, — деп жазды Нұрбол Төлебаев.

ҰБТ-дан ең жоғары балл алған Данияр Уәлиевтің таңдау пәні — математика мен физика.

Уалиев Данияр, ҰБТ
Фото: Facebook\Nurbol Tulebayev

Еске салайық, бұған дейін ҰБТ-ның электрон форматын биылғы түлектер қалай қабылдап жатқаны туралы материал дайындаған едік.