Петропавл атауы өзгере ме?

Петропавловск.news мәліметінше, әкім AstanaTV телеарнасының «Из первых уст» бағдарламасында қойылған кей сұраққа тікелей жауап берген жоқ. «Петропавлдың атауы өзгере ме?» деген сұраққа да ол нақты жауап бере алмады.

Бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ, бұл кулуарда талқыланып жүр. Мен халықтың ұстанымын қолданамын. Көшелердің атын бір адам өзгертпейді, оны қоғам шешеді, — деп түсіндірді ол.

2018 жылы Құмар Ақсақалов Петропавл атауын өзгерту туралы басқаша пікір айтқан.

Петропавл мен облыстың атауын өзгерту туралы әңгімелерді жиі естимін, кейбіреулер бұл туралы айтып жүр. Бірақ бүгінде атауды өзгерту жұмысы жүрмейді, менің ойымша, бұл әлі ерте, — деген еді Құмар Ақсақалов сол кезде.

Басылым мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлдағы көшелердің атауы әлі күнге дейін депутаттар мен қоғам қайраткерлерінің кездесуінде өзгертіліп жатыр. Көбіне бұл шешімдер тұрғындар пікіріне қайшы келеді екен.