Қазақстандықтар қандай компанияларға инвестиция салғаны дұрыс?

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, 2020 жылдан бастап агенттікке жоғары кіріс кепілдігіне уәде бере отырып, клиенттердің ақшасын инвестиция мақсатында тартатын лицензиясы жоқ компаниялардың қызметі мәселелері бойынша 40-тан астам шағым мен өтініш түскен.

Мұндай компаниялар көп жағдайда офшор аймақтарда тіркелген және қаржы реттеушісінің нарықтағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ. Олар клиенттерге консультациялар ұсынады және сервисі арқылы қаражатты инвестициялау бойынша оқыту жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағында аталған компаниялар негізінен қашықтан, өкілдіктер мен филиалдар, не сенімхат бойынша өкілдер арқылы жұмыс істейді.

Бұл ұйымдардың жұмыс істеу схемасы бойынша клиентке шетел валютасымен және өзге де қаржы құралымен операция жасау үшін жабық интернет-сервистерге және сауда платформаларына кіру ұсынылады. Мұндай платформаларда клиенттер жеке кабинетінде қаражатының «ұлғаюын» байқауы мүмкін. Клиент «тапқан» кірісін алуға әрекет жасаған кезде ұйым ақшаны қайтарғаны үшін қосымша сыйақы талап ете отырып клиентке оның қаражатты қайтарудан жалтарады. Немесе қандай да бір себептермен клиент шотының негізсіз «күшін жояды». Бұл да алаяқтыққа жатады.

Мұндай ұйымдар жоғары пайданы уәде ете отырып, өз қызметін негізінен әлеуметтік желілер арқылы агрессив түрде жарнамалайтынына назар аударған жөн.

Осыған байланысты агенттік Қазақстан Республикасының азаматтарын агрессив жарнамаға берілмеуге шақырады және түсінікті әрі айқын құқықтық режимі бар компаниялармен жұмыс істеуге кеңес береді.

Бағалы қағаздар нарығында қызметпен айналысуға лицензиялары бар брокерлік/дилерлік ұйымдардың тізімі агенттіктің ресми сайтында бар.

Аталған компаниялардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң түрде регламенттеледі.

Азаматтар лицензияланбаған компаниялардың қызметіне алданбауы үшін агенттік клиенттер шағымданған компаниялар тізімін және сайт мекенжайын жариялады. Сонымен бірге агенттік өзін «инвестиция компаниясы» ретінде көрсететін ұйымдармен шартты түрде байланысқанда IOSCO Халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия халықаралық ұйымының хабарламасымен танысуды ұсынады.

Сонымен қатар қаржы құралдарымен сауда жасау түрлі нарықтық, кредиттік, валюталық тәуекелмен қатар жүретінін есте ұстаған маңызды. Осыған орай агенттік инвестицияларды лицензияланған қазақстандық компаниялар арқылы жүзеге асыруды ұсынады.

Лицензиясы жоқ компаниялардың тізімі:

  • «SECVISION LIMITED» (TRADING TECK);
  • AdvanceStox (Malarkey Consulting LTD);
  • Apexcrypt LTD;
  • Avance.Fund;
  • AxeCapital;
  • Azambusiness;
  • Capital level;
  • FinAxis;
  • Fin-case Ltd;
  • Fincentra LTD Trust Company Complex;
  • Forex Optimum Group;
  • Global Alliance;
  • Halykcompany;
  • Histmo;
  • Icon investing;
  • IINTERNATIONAL VERSION FINANCIAL SOLUTION;
  • Infiniko Invest Trade LTD;
  • Infiniko Superbinary;
  • Lab Finance;
  • LBC-CAPITAL;
  • Lime FX (Rest Soft LTD) и Prometheus LTD;
  • MarketsSoft;
  • Invest Absolut;
  • Maxi Markets Limited;
  • Maxi Platinum Ltd;
  • Oldix group kft;
  • Pineda International SP;
  • Prime Capitals;
  • RAISE TRADE LTD;
  • Remaxima;
  • Siriusfn;
  • TBXCapital;
  • Terra Finance;
  • TitanPro 500;
  • TraderKing;
  • Trading Times;
  • UMARKETS (PROMETHEUS LTD);
  • Waxx Capital Ltd;
  • Wexness Banc;
  • Winmarkets;
  • АО «EVROASIA GLOBAL INVESTMENT»;
  • ТОО «Международное бюро консалдинга» QNET;
  • ТОО «EVROPA INVESTMENT»;
  • ТОО «Астра консалтинг агенси»;
  • Global Trade Investing