3-5 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМҚ мамандары 4 маусымнан бастап еліміздің солтүстік өңірлеріне ауа температурасы төмендейтінін хабарлады.

Оңтүстік циклонның өтуімен жаңбыр, республиканың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ түсуі және жел күшеюі мүмкін. 4 маусымнан бастап Скандинавия аудандарынан антициклонның енуімен республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанады. Түнде температура 2-7 жылыға дейін, күндіз 10-20 жылыға дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-22, күндіз 28-35 жылыға дейін аздап төмендейді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 1-3 маусым күндері елімізде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған едік.