Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы үш тәулікте елімізде ауа райы құбылмалы болады.

Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райын тудырады, найзағай күтіледі. 2 маусымда күндіз батыста, 3 маусымда республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Тек республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс антициклоны  сілемінің әсерінен түнде 11…16, кей жерлерде 8, күндіз 21…26, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 29-31 мамыр күндері оңтүстік өңірлерінен басқа аймақтарда жаңбыр жауатынын хабарлаған едік.