Басты бетҚоғамМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президентін қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Exxon Mobil корпорациясы арасындағы ықпалдастықтың перспективалары, көмірсутегі саласындағы бірқатар жобаның жүзеге асырылуы, «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ, әлемдік энергетика нарығындағы қазіргі ахуал талқыланды.

Нил Чапман мемлекет басшысына Қашағанды игеру қарқыны мен Теңіз кен орнын кеңейту бағытындағы жұмыстар баяндады.

Президент корпорацияның елімізбен серіктeстік орнатқан 28 жыл ішінде Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Нил Чапман Exxon Mobil үшін Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен бірге америкалық кәсіпкер мұнайдың әлемдік нарығын одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін ортаға салып, аталған саладағы өзекті мәселелер туралы айтты.