Басты бет / Жаңалықтар /
52cac7eab47fdb7b78800aab1ea6ae25 Алматыда емхана қызметкерлеріне профилактикалық кеңес берілді

Алматыда емхана қызметкерлеріне профилактикалық кеңес берілді

Бұл туралы Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіп түскен анонимді өтінішке сәйкес №28 қалалық емхананың әкімшілігі медициналық қызметкерлерден аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының тексеру барысында бұрын жазып берілген айыппұлды төлеу үшін ақшалай қаражат жинады.

Мониторинг барысында емхана қызметкерлері үшін профилактикалық кеңес және анонимді сауалнама жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа тап болған азаматтар Департаментке немесе «1424» Call-орталығына хабарласа алады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook