Жер учаскесін ресімдеу кезінде алданбау үшін не істеу керек?

Сізге әкімдік арқылы жер учаскесін алуға көмек көрсету ұсынысымен бейтаныс адамдар жүгінсе, есіңізде болсын: бұндай схема бойынша алаяқтар жұмыс істейді!

Бұл ұсынысқа келіспеңіз, себебі жер учаскесін белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы орган береді немесе сауда-саттықтар (конкурстар, аукциондар) өткізу арқылы сатылады.

Жер учаскесін жергілікті атқарушы орган мынадай тәртіпте береді:

  • жер учаскесіне құқық беру туралы арыз беру;
  • жер учаскесін алдын ала таңдау;
  • комиссияның оң қорытындысы;
  • жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;
  • әкімдіктің/әкімнің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
  • сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
  • жердегі учаскесінің шекараларын белгілеу;
  • жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру (мемлекеттік акт);
  • әділет органдарында жер учаскесіне құқықты тіркеу.

Сауда-саттықты (аукциондар мен конкурстарды) тек әкімдік немесе мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Есіңізде болсын, Жылжымайтын мүлікке құқық мемлекеттік тіркеу кезінен бастап пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады.

Жер учаскесін сатып алуда алданудан қалай қорғану керек?

Жер учаскелерімен мәмілелер жасасу кезіне сатып алу-сату шартына қол қоюға және ақшаны беруге асықпаңыз.

Құжаттарды мұқият зерделеңіз (әкімдіктің қаулысы, мемлекеттік акт және т.б.), қажет болған жағдайда білікті заңгерлерден консультация алу үшін қосымша уақыт сұраңыз.

Мәміле жасасу кезінде сұрақтар қоюға қысылмаңыз (меншік құқығының пайда болу тарихы, ауыртпалықтар туралы және т.б.), қарсы тарап ашу шақырған жағдайда сақ болыңыз.

Тіркеу органдарынан жер учаскесіне ауыртпалықтардың бары немесе жоқтығы туралы тиісті анықтамалар алуды бірлесіп жасайық деген талап қойыңыз.

Егер Сіз өзіңізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау жоспарланған деп күдіктенсеңізнемесе сіз алаяқтардың құрбанына айналсаңыз, қылмыскерлердің белгілерін көрсете отырып, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Алаяқтық жасаған адам қылмыстық жауапкеошілікке тартылады. Заң бойынша оның мүлкі тәркіленіп он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ мемлекеттік жер учаскелерін айырбастау не тікелей немесе жанама түрде жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзатын басқа да мәмілелер жасасу, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын айта кеткен жөн.