Қарағанды облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Қарағанды облысынің әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй берудің қазіргі және жаңа тетіктерін талқылады. Облыс әкімі жастар үшін жеңілдетілген несиелердің жоқтығына қатысты шағымдар түсетінін атап өтті. Сондықтан Алматы үлгісі бойынша бағдарлама енгізуді ұсынып отыр.

Жеңіс Қасымбек «Отбасы банкінің» басшысына жас қарағандылықтарға тұрғын үй қарызын беру тетігін бірлесіп әзірлеуді ұсынды. Тағы бір идея – моноқалалардағы шахтерлер мен металлургтер үшін жеңілдетілген ипотека беру мүмкіндігін жасау. Бұл бағытта Шахтинск, Абай, Балқаш және Саран қалалары назарға алынып отыр.

Ләззат Ибрагимова банктің осындай бағдарламаларды жасау бойынша құралдары бар екенін айтты. Сондықтан бірлескен стратегияны әзірлеуді және оны іске асыруды қолға алу қажет.

«Отбасы банкі» – ірі елді мекендерді ғана емес, моноқалаларды да қаржыландыратын жалғыз әлеуметтік банк. Бізде Қарағанды облысы бойынша 200 мыңға жуық салымшы бар. Олардың 12 мыңнан астамы – кезекте тұрғандар. Қазірдің өзінде 10 мың салымшының миллион теңгеден астам жинағы бар. Бұл біздің «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларына қатыса алатын әлеуетті клиенттеріміз», — деді Ләззат Ибрагимова.

Жыл басынан бері банк Қарағанды облысы бойынша 15 миллиард теңге сомасына 1 300 қарыз берген. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің көмегімен 1 300-ден астам отбасы қарыздарын мерзімінен бұрын өтеген.

Біздің компания бастапқы тұрғын үй нарығында белсенді жұмыс істейді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 280 адам бастауыш ұйымнан пәтер алу үшін несие алды. Оның ішінде «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 146 кезекте тұрғандар кез келген құрылыс салушыдан алу мүмкіндігіне ие. Бүгінгі таңда біз «Бақытты отбасы» бойынша 1 829 өтінімді тіркедік», – деп атап өтті Банк басқармасының төрайымы.

ДереккөзҚазАқпарат