Mad Men тобының мүшелеріне қандай айып тағылды?

Еске салайық, тұрақты есірткі желісін Алматы полициясы бір ай бұрын жойған еді. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам бар. Топты 1994 жылы туған Х. есімді ер адам басқарған.

Ерлан Алмағамбетовтың айтуынша, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түскен.

Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х. есімді ер адам және оның «көмекшілерінің» қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталды. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты тағайындалған. Мысалы, логистика компаниясы арқылы Ресейден синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап берген, олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассирлер, өтінімдер қабылдауға және есірткіні қойып кететіндерге жауап берген. Тағы төрт ер адам – есірткі қоюшылар, қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген, – деді ол.

Осы істі тергеу барысында оның қатысушылары Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-бөлігі мен 2-бөлігінде көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша айып тағылып отыр.

Күдіктілер соттың мақұлдауымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.