Маусымнан бастап төрт «Тальго» пойызы іске қосылады

Бұл туралы «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

1 маусымынан бастап:

  1. «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атырау» бағытындағы №19/20 пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан тақ күндері, Атырау станциясынан жұп күндері жөнелтіледі;
  2. «Алматы-2 — Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №701/702 пойызы күн сайын қатынайды.

2 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жол стансасынан «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Орал» бағытындағы №95/96 пойызы Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан жұп күндері, ал Орал стансасынан тақ күндері жөнелтіледі.

3 маусымынан бастап «Алматы-2- Түркістан» бағытындағы № 71/72 пойыз Алматы-2 стансасынан тақ күндері, ал Түркістан стансасынан жұп күндері қатынайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты «105» анықтама қызметінен сұрауға болады.