«Баспана хит» және «7-20-25» бағдарламаларын қаржыландыру тоқтайды

Дағдарыстың экономикаға әсерінің азайғанын ескерсек, мемлекеттің нарықтық қағидаттарға орын беріп, кредиттеу бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты осы жылдың басында қол қойылған Үкімет, Ұлттық банк және агенттік арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім шеңберінде Ұлттық банктің 2023 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудан шығуы көзделген. Жеңілдікпен кредиттеу, ҚЗЭ, «Баспана хит» бағдарламаларын қаржыландыру 2021 жылы, ал «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру 2022 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, — деді Әбілқасымова Алматыда өтіп жатқан Cfo Idea exchange & networking саммитінде.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы ресми кірісі бар әрбір жұмыс істейтін азаматқа 20%-тен аспайтын мөлшерде бастапқы жарнамен 25 жылға дейінгі мерзімге, 7% үстемемен ипотеканы рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.

Ал «Баспана Хит» бағдарламасында пәтерді 10,75% үстемемен 15 жыл дейін рәсімдеуге болады. Алғашқы жарна — 20%.