Қазақстандағы балабақшалар мен мектептерде қауіпсіздік талаптары қандай?

Үкіметтің қаулысымен (2021 жылы 6 мамырда, №305 қаулы) объектілерді терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын жаңа талаптар бекітілді. Бұл талаптар енді іске асады, — деді комитет төрағасы.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасының айтуынша, әр білім беру ұйымына бірнеше талап қойылады.

Әрбір білім беру ұйымы қаулыда көрсетілген негізгі тапсырманың бәрі өздерінің білім беру ұйымдарында қамтамасыз етілуін бақылауы керек. Сонымен бірге бейнебақылау, дыбысты хабарландыру жүйесі, дабыл беру түймешелерінің болуы қажет. Бұл негізгі талаптар. Ал қосымша талаптарға техникалық тексеру құралдары, бақылау жүйесі, күзет сигнализацияларының болуы кіреді, — деді Майра Мелдебекова.

Ол терроризмге қарсы қорғанысты ұйымдастыру нұсқаулықтары да аталған қаулыда көрсетілгенін айтты.

Мәселен, пропусктік режимді ұйымдастыру, профилактикалық және оқу шараларын тиісті мерзімде уақытылы өзгеріп отыруы, террористік көріністегі қатерлерге қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыру. Сондай-ақ терроризмге қарсы қорғану паспортын әзірлеу, объектілерді техникалық жабдықтау,  — деді комитет төрағасы.

Бейнебақылау жүйесімен жабдықтау мен стандарттау талаптары Білім және ғылым министрлігімен Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарымен бекітілген.

Негізгі талаптары:

  • Бейнебақылаудың бір және одан да көбірек жазылу режимінің болуы;
  • Архивтен жою және өзгертуден қорғау;
  • Бейнежазбаны нақты уақыт режимінде беріп отыруға мүмкіндіктері болуы керек;
  • Бірыңғай нақты уақыт жүйесімен жағдайларды ұйымдастыру;
  • Бейнені бір уақытта бірнеше камералардағы архивте қарауға мүмкіндіктердің болуы;
  • Электр қуаты сөндірілген кезде камералардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Адамдар немесе көлік құралдарының нөмірлерін, басқа да аналитикалық функцияларын тану жүйелерімен интеграциялау.

Барлық бейнебақылау жүйесінің ақпаратты сақтау мерзімін 30 тәулік болуын қамтамасыз ету қажет. Балабақшалар мен мектептерде бейнебақылаумен жабдықтаудың территорияларда көрсетілген, яғни білім беру ұйымдарының периметрлері бойынша жабдықталуы, негізгі және қосымша кіреберістерде, есіктерде болуы және адамдар көп жиналатын орындарда болуы керек, — деді ол.

Оның сөзінше, тағы бір негізгі талап – бұл ІІМ-нің жедел басқару орталығының базасына қосылуы. Қазіргі таңда 823 (11,3%) білім беру ұйымы қосылған.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мектептерге алып кіруге тыйым салынатын заттар тізімі әзірленгенін хабарлады.

ДереккөзBaq.kz