Қазақстандықтар Eurovisin-2021 байқауын тікелей эфирден көре алады

Бұл туралы «Хабар» телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.

18 және 20 мамыр күндері (мамырдың 18-інен 19-ына және 20-сынан 21-іне қараған түндері) Нұр-Сұлтан уақытымен сағат түнгі 01.00-де жартылай финалдар, ал 22 мамырда (мамырдың 22-інен 23-іне қараған түні) сағат 01.00-де гранд-финал өтеді.

Байқауға 39 мемлекет қатысады. Олардың қатарына 2020 жылы өткізілмеген байқаудың Армения және Беларусьтен басқа барлық қатысушы елдер кірді. Венгрия мен Черногория қаржы себептерімен байқауға қатысудан тағы бас тартты.

Ән байқауына Еуропа хабар тарату одағына мүше елдердің өтінім берген бір өкілінен қатысып отыр. Фестиваль тікелей эфирде өткізіліледі. Биылдан бастап бұған дейін жазып алынған бэк-вокалды пайдалануға рұқсат берілген. Бұл делегация мүшелерінің санын қысқарту, әрбір өтінімнің шығармашылық әлеуетін кеңейту және хабар таратушы ұйымдастырушының техникалық жүктемесін азайту мақсатында жасалып отыр.

Көрсетілімді «Хабар» телеарнасының көрермендері үшін танымал қазақстандық жүргізушілер Қалдыбек Жайсанбай мен Махаббат Есен жүргізеді.

«Еуровидение» — Еуропа хабар таратушы одағына мүше елдердің эстрадалық ән байқауы. Ол 1956 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді, әлемде ең танымал спорттық емес шаралардың бірі. Аудиториясы – 600 мың көрерменге дейін. Шоу ағылшын және француз тілдерінде өтеді. Қатысушы елдерді жартылай финалдарға үлестіру жеребе арқылы жүзеге асырылады. Байқауды өткізуші мемлекет пен «үлкен бестік» (Испания, Германия, Италия, Ұлыбритания, Франция) финалға кепілді түрде қатысады.