Биылғы үш айда Қазақстаннан 5 мыңнан астам адам көшіп кетті

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтер бойынша, 2021 жылдың қаңтар-наурызы аралығында елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2 066 адам, елімізден кеткендердің саны 5 519 адам, көші-қонның айырымы — 3 453 адам, — делінген хабарламада.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы Тәуелсіз мемлекеттер достасыңына мүше елдермен өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 83,1% және 82%.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 9,5%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды:

Алматы (7 955 адам), Шымкент (5 681 адам), Нұр-Сұлтан (6 260 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (319 адам).