Жаңа қаулы: Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар 14 күн оқшауланады

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарсы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі;

2) Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін», — делінген қаулыда.

Аталған қаулы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.