Асқар Мамин Orano директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Клод Имовен Үкімет басшысына Түркістан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі «КАТКО» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

Асқар Мамин «КАТКО»-ның Қазақстанда уранды қайта өңдеу бойынша ғылыми әзірлемелерге, заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды өткізуге, сонымен бірге адами капиталдың сапасын арттыруға инвестиция салуының маңыздылығын айтты.