Теміртауда ер адам «Мәңгілік полк» шеруін жалғыз өткізді

Instagram әлеуметтік желісіндегі жергілікті топ-парақшасында Теміртаудағы Республика даңғылымен ардагерлер портретін көтеріп бара жатқан ер адамның видеосы жарияланды.

Оқырман видеоға ер адамды қолдап, пікірлер білдірген.

«Құрметке лайық!!! Салмақты әрекет!!!», «Ата-бабасының суретін мақтанышпен және жасандылықсыз көтеріп барады… Батырларға мәңгілік тағзым! Жеңіс күні құтты болсын!», «Жарайсыз! Жалғыз болса да нағыз батыр. Карантиннен қорқып, адамдарды қасиетті мерекеден айырған барлық шенеунікке сабақ болды», «Мұндай адамдарға құрмет», — деп оқырмандар пікір жазған.

Айта кетейік, биыл Salem social media ұжымы «Мәңгілік полк» акциясын онлайн режимде өткізіп жатыр. 10 күн бойы кез келген адам жеңімпаздарды құрметтеп, ардагерлерді құттықтай алады. Мыңдаған ардагердің портреті бүкіл ел көре алатын тікелей эфирде пайда болады.