Алматыда бірнеше күн бұрын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мурал пайда болды. Нұрсұлтан Назарбаев бейнесі Жароков және Мыңбаев көшелері қиылысында орналасқан қойма сыртына салынған.

Назарбаев мурал
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бастапқыда суретте Elbasу, forever young (Елбасы, мәңгі жас) деген жазу болған, бірақ кеше forever young сөзі өшірілгенін байқадық.

Нұрсұлтан Назарбаев, мурал, Алматы
6 мамыр. Фото: Tengrinews.kz

Сонымен бірге Elbasy сөзі де түзелгені білініп тұр, өйткені түс бойынша айырмашылық бар. Соған қарағанда әлдекімдер стрит-артты өзгертуге тырысқан сияқты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мұнда Елбасыға дейін рэпер XXXTentacion бейнеленген стрит-арт болды.

Фото: Tengrinews.kz

Абай Құнанбайұлы

Абай және Желтоқсан көшелері қиылысындағы 3 қабатты үйдің қабырғасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының суреті салынған. Алматыда Абай бейнеленген бірнеше стрит-арт бар. Олардың бірі былтыр әл-Фараби және Науаи көшелері қиылысындағы көпқабатты үйде пайда болды. Сонымен бірге 83 гимназия қабырғасында да ақын бейнеленген.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қабанбай батыр

Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі қиылысындағы үйлердің бірінде Дарабоз атанған қазақ батыры Қабанбай бейнеленген.

Қабанбай батыр
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қабанбай батыр 1717 жылы Аягөз шайқасына, 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ерлан Нұрғалиев

Жароков және Өтепов көшелері қиылысындағы үйлердің біріне салынған бұл муралда орман шаруашылығы инспекторы, марқұм Ерлан Нұрғалиев бейнеленген.

Ерлан Нұрғалиев
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

2019 жылы 13 қаңтар күні Қарағанды облысы аумағында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» кәсіпорнының инспекторлары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкқа киік атып алған браконьерлер шабуыл жасаған еді. Ерлан Нұрғалиев ауыр соққыдан қаза тапты.

Әріптестері Ерлан Нұрғалиевтің кәсібіне адал, жауапты әрі табиғат қаскөйлерімен ымырасыз күресетін маман екенін айтты. Ол Нұра ауданындағы саны азайып бара жатқан жануарларды қорғауға өлшеусіз үлес қосты.

Ерлан Нұрғалиев
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Анатолий Букреев

2019 жылдың қазанында Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында КСРО және Қазақстан альпинисі Анатолий Букреевке арналған мурал пайда болды.

Анатолий Букреев
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Анатолий Букреев — КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «қар барысы» атағының иегері. Ол планетаның он сегіз мыңыншы жерін бағындырды, ХХ ғасырдың ең мықты альпинисі атанды.

Анатолий Букреев
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Анатолий Букреев 1997 жылы 25 желтоқсанда Аннапурн шыңына шығып жатқанда қар көшкіні салдарынан қаза тапты.

Анатолий Букреев
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Димаш Құдайберген

Қабанбай батыр көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысы. Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенге арналған мурал.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Димаш Құдайберген
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Батырхан Шүкенов

Әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арналған граффити. Панфилов көшесіндегі үйлердің біріне бейнеленген.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әбу Насыр әл-Фараби

әл-Фараби даңғылындағы Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғұлама, дүниежүзіне әйгілі ойшыл құрметіне салынған мурал.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Николай Гоголь

Орыс жазушысы Николай Гоголь бейнеленген граффити 2018 жылдың жазында Алматыдағы Гоголь және Панфилов көшелері қиылысында пайда болды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы