Нұрсұлтан Назарбаев браконьер қолынан қаза тапқан инспекторды наградтады

ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені шабуылдан аман қалған Петр Ницыкқа да берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Охотзоопром» кәсіпорнының инспекторы Петр Ницык пен оның қайтыс болған әріптесі Ерлан Нұрғалиевті ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын: Ницык Петр Алексеевич — Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы; Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) — Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген Президенттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлығында.

Еске салайық, 13 қаңтар күні Қарағанды облысы аумағында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» кәсіпорнының инспекторлары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкқа киік атып алған браконьерлер шабуыл жасаған еді. Ерлан Нұрғалиев ауыр соққыдан қаза тапты.

Әріптестері Ерлан Нұрғалиевтің кәсібіне адал, жауапты әрі табиғат қаскөйлерімен ымырасыз күресетін маман екенін айтты. Ол Нұра ауданындағы саны азайып бара жатқан жануарларды қорғауға өлшеусіз үлес қосты. Ауылдастары марқұмның құрметіне арнап оның бюстін орнатқалы отыр.

Браконьерлерге жасалған шабуыл дерегі бойынша күдікті ретінде үш адам Қызылордадан ұсталды.        

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Өткен тәулікте 66 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Елімізде кейінгі тәулікте 66 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда халық кезек күтпеуге мүмкіндік беретін сервистер енгізіледі

Елімізде азаматтар мен бизнес үшін бірқатар жаңа цифрлық сервисті іске қосу және «Электрондық үкіметтің» архитектурасын жаңғырту жоспарланып отыр.

Qnet қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

Қазақстанның екі облысында жолдар ашылды

Екатеринбург-Алматы тасжолының екі учаскесінде Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында көлік қозғалысы ашылды.

Доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр.